мектепішілік «Адал ұстаз» байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектепішілік «Адал ұстаз» байқауы
17
қараша
2022

мектепішілік «Адал ұстаз» байқауы

А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖБММ/КММ  де мектепішілік  «Адал ұстаз» байқауы өтті.
Мақсаты:  кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар педагогтердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі үшін оған қарсы көзқарасты қалыптастыру. Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 кезең – қатысушылардың «Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы» тақырыбында жазған эсселері талданды.
2 кезең – қатысушының «Педагогикалық адалдық – кәсіби абырой» тақырыбындағы мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылымның мазмұны ұсынылған тақырып бойынша қатысушылардың субъективті көзқарасы, таным-түсінігі мен ойларын қамтыды. Қорыта келгенде Мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағытын ұсынған бастауыш сынып мұғалімі Байдилдаева Жанна Жанбырбаевна аудандық кезеңіне жолдама алды.