«JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі
03
наурыз
2023

«JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі

«WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының
аудандық кезеңі
    Мақсаты: «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатын пайдалана отырып,  Алматы қаласы Алатау ауданында  мектеп оқушыларының арасында сән технологиясы мамандықтарын дәріптеу және ерте жастан кәсіби бағдар беру, шеберлікке баулу. № 149 жалпы білім беретін мектепте  «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Сән технологиясы» бағыты бойынша аудандық кезең байқауы 9 сынып оқушыларының арасында  ұйымдастырылды. Байқау арқылы оқушылардың бұл конкурстық тапсырма мамандықтар бойынша оқитын мектептердің  9 сыныбына арналған.  07230100 «Тігін  өндірісі  және  киімдерді үлгілеу». Сән технологиясы құзыретіне арналған конкурстық тапсырма конкурс алаңында киім жасау процестерін көрсетуге арналған. Сән технологиясы құзіреттілігі бойынша маманның техникалық біліктілігі жобалау, конструкторлық әзірлеу, дайындау, жобалау, модельдеу, пішу, тігу және әрлеу бұйымдарының техникалық құжаттамасы бойынша дағдылар мен дағдыларды қамтиды.Тапсырманы орындау жаңадан бастаған мамандарда шығармашылық пен шеберлікті дамытады. Осы байқаудың бағалау критерийлері арқылы А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектептің  9 сынып оқушысы Сәрсембек Дария  2-орын иеленді, жетекшісі Омарова Назгүл Махметқазықызы марапатталды.