Тарихи деректермен таныстыру » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихи деректермен таныстыру
08
ақпан
2021

Тарихи деректермен таныстыру

8.02.2021ж А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектепте 1-11 сынып оқушыларына «Тәжікстан Ауғанстан соғысының ақиқаты»  тарихи деректермен таныстыру  өткізілді.
Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 32 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО - ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 - ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар - ошарсыз кетті. Адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді.. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі тиіс.

Похожие публикации:

01 ақпан 2021 Көрме
09 ақпан 2021 Сынып сағаты
05 ақпан 2021 Кездесу
22 желтоқсан 2020 Түсіндірмелі жұмыс