Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2019

Қыз сыны

А. Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте 23.02.2019 жылы 8-10 сынып қыздары арасында «Көктем аруы-2019» сайысы өтті. 

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Қатысушылар «Сұрақтар мен жауаптар» сайысында  ұлттық салт-дәстүрлер және ел тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Аруларымыз бұл байқауға тыңғылықты дайындықпен келіпті. Сахна төрінде қазақ үнінің нақышымен өлеңдер оқығанда олардың отанға, қазақ тіліне деген құрметтерінің шынайылығы сезіліп тұрды.

Үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын жетік меңгергендігі сыналып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттері бағаланды.