Әйел-Ана, Әйел-гүл, Әйел-тіршілік көзі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әйел-Ана, Әйел-гүл, Әйел-тіршілік көзі
07
наурыз
2019

Әйел-Ана, Әйел-гүл, Әйел-тіршілік көзі

Әйел-Ана, Әйел-гүл, Әйел-тіршілік көзі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен  бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдыретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысуы мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдынада бас иіп 

А. Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің білім алушылар да ұстаз аналарға арнап мерекелік кешін өткізді. Мерекелік кеште бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып оқушылары өз өнерлерін аямай, аналарға арнап өлең жолдарын, билерін, әндерін паш етті.