Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғылым шыңы" қалалық байқауы
28
сәуір
2025
"Ғылым шыңы" қалалық байқауы
Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, сындарлы және аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы ұйымдастырған "Ғылым шыңы" қалалық байқауына 9-11 сынып оқушылары қатысып, үздік білім нәтижелерін көрсетті.  Жетекшісі: Жумагалиева К.Е.  
"Тарих ата"  республикалық олимпиадасы
22
сәуір
2025
"Тарих ата" республикалық олимпиадасы
Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айының 17-19-ы аралығында Алматы қаласының Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығы ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің "Дарын" республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Тарих ата"  республикалық олимпиадасына қатысқан 8,9 сынып оқушылары жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Жетекшісі: Жумагалиева К.Е.
"Тарих ата"  республикалық олимпиадасы
20
ақпан
2025
"Тарих ата" республикалық олимпиадасы
Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, мақсатында 2025 жылдың сәуір айының 17-19-ы аралығында Алматы қаласының Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығы ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің "Дарын" республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Тарих ата"  республикалық олимпиадасына қатысқан 6 сынып оқушылары жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Жетекшісі: Макашева Баян Жүнісқызы
"Табысты мектеп командасы арықлы оқыту сапасын басқару" пән мұғалімдеріне арналған курс
12
ақпан
2025
"Табысты мектеп командасы арықлы оқыту сапасын басқару" пән
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Табысты мектеп командасы арықлы оқыту сапасын басқару" пән мұғалімдеріне арналған курсқа қатысқан А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ мұғалімдері: Р.С.Тогабоев, Ә.М.Жұмақожа, Ж.Ж.Байдилдаева, А.Б.Сүйіндік, К.Е.Жумагалиева "Заманауи мектеп директорларының басқару дағдылары. 1-деңгей" тақырыбында 280 сағаттық курстан өтіп, халықаралық сертификат иеленді
“Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі
17
қаңтар
2025
“Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі
Диплом lll дәрежелі  “Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған “Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Өнерлі бала”бағытының “Оригами”номинациясы бойынша  41 ЖББМ оқушысы Каркен Ақбілек Нұржанқызы марапатталды Жетекшісі:Тезекбаева Турсынгуль Абдирасиловна
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсында, ғылыми жоба жұмысы үздік танылып, жүлделі І орынмен марапатталды
23
желтоқсан
2024
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивы мен Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып, Ұлы Отан соғысына кетіп, із-түзсіз жоғалған арғы атасы туралы «Ертеңнің өшпес үміт белгісіндей» атты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Сатханбай Жансаяның жұмысы нәтижелі болды. Іздену барысында 79 жылдан кейін атасының Германиядағы (қазір
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
20
желтоқсан
2024
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық
Білім берудегі өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша  озық тәжірибелерінің топтамасын көрсетіп, кәсіби шеберлігін танытқан А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Жумагалиева К.Е. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіндегі жеңімпазымыз!
18
желтоқсан
2024
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінде озық тәжірибелерінің топтамасын көрсетіп, жаңа педагогикалық өлшемшарттарға сәйкес кәсіби шеберлігін танытқаны үшін А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Жумагалиева К.Е. жүлделі ІІ орынды иеленді.