Оқушыларға » Страница 18 » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қыран елім – Қазақстаным!»  атты  мәнерлеп оқу байқауы
22
қазан
2022
«Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу байқауы
Мектеп  кітапханасында  25 қазан – Республика күніне орай 10 сыныптың сынып жетекшілерімен бірлесіп кітапханашы  Кабдулкаримова Алмагүл  «Қыран елім – Қазақстаным!»  атты  мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды. Мақсаты: жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру,Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау,қазақстандық патриотизмді  нығайтуға ықпал жасау,оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту.
"Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы
20
қазан
2022
"Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы
19.10.2022жылы  А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары арасында республика күніне орай "Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
"Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында" конкурсы
19
қазан
2022
"Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында" конкурсы
2022 жылдың 19 қазанында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған "Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында" конкурсына мектебіміздің 9 Д сынып оқушысы Сәкімбек Альфия Отбасы архиві: шежіре кілті номинациясы бойынша В.Пилецкий атындағы институттың жеңімпазы, халықаралық деңгейдегі диплом иегері атанды.  Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Абдильдинова Лашын Батырхановнана
25-қазан Республика күніне орай «Менің елім-Қазақстан»  атты кітап көрмесі
18
қазан
2022
25-қазан Республика күніне орай «Менің елім-Қазақстан» атты кітап
А.Қарсақбаев атындағы мектеп  кітапханасында 25-қазан Республика күніне орай «Менің елім-Қазақстан»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты:  Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру,елін сүюге, құрметтеуге,отанын қастерлеуге тәрбиелеу.  Оқырмандарға  Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық жәнe саяси
"Мен сені сүйемін-Қазақстан" тақырыбында сынып сағаты
18
қазан
2022
"Мен сені сүйемін-Қазақстан" тақырыбында сынып сағаты
Мектебімізде 18.10.2022 ж күні 1-11 сыныптарға "Мен сені сүйемін-Қазақстан" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты:  Оқушыларға еліміздің тарихи белестері туралы баяндай отырып,  патриоттық сезімін ояту. Отансүйгіш, елін мақтаныш ететін ұрпақ тәрбиелеу.
"Ашық қоғамға - ашық Архив" атты архившілердің Конгресі
18
қазан
2022
"Ашық қоғамға - ашық Архив" атты архившілердің Конгресі
2022 жылдың 18 қазанында  Қазақстан Республикасының Президенті архивінің ұйымдастыруымен өтетін "Ашық қоғамға - ашық Архив" атты архившілердің Конгресінің өтуіне байланысты ұйымдастырылған Байқоңыр станциясында өткізілген архив құжаттарының көрмесіне тарих пәнінің мұғалімі Л.Б. Абдильдинова мектеп оқушыларымен бірге қатысып, Қазақстан тарихында елеулі орын алған Байқоңыр ғарыш айлағының тарихынан ақпарат беретін құжаттармен танысты.
«Киббербуллинг және оның психикаға әсерін жою жолдарын» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында түсіндірмелі жұмыстар
13
қазан
2022
«Киббербуллинг және оның психикаға әсерін жою жолдарын» тақырыбында
11.10.2022ж  А.Қарсақбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектебінде, мектеп психологтары Есенова Б.К, Сәрсенбай Ш.М «Киббербуллинг және оның психикаға әсерін жою жолдарын» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізді. Мақсаты:  Оқушының эмоцияналдық әлемін тану және қажеттілік сатыларына сай (әлеуетік, қарым-қаынас, эмоцианалды,моралдық) тәсілдік әдістерін жетілдіру
"Желіде тілдесу" атты тақырыпта ашық сабақ
10
қазан
2022
"Желіде тілдесу" атты тақырыпта ашық сабақ
А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББ мектепте 10.10.2022ж күні 3"А" сыныбына "Желіде тілдесу" атты тақырыпта информатика пәні мұғалімі Сүйіндік Ардақ Бақытжанқызы ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.
"Қарттарым, аман- сау болшы!", "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыптарында сурет көрмесі, сынып сағаттары
04
қазан
2022
"Қарттарым, аман- сау болшы!", "Қарттарым-асыл қазынам"
Мектебімізде 04.10.2022 ж  "Қарттар айлығы аясында" 1-11 сынып білім алушыларына "Қарттарым, аман- сау болшы!", "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыптарында сурет көрмесі, сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
9-11 сынып оқушыларына "Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында мектеп инспекторы А. Мурзалиева түсіндірмелі жұмысын жүргізді.
28
қыркүйек
2022
9-11 сынып оқушыларына "Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында
Мектебімізде 28.09 күні 9-11 сынып оқушыларына "Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында мектеп инспекторы А. Мурзалиева түсіндірмелі жұмысын жүргізді.