Оқушыларға » Страница 7 » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
«International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесі
04
қазан
2023
«International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесі
2023 жылы 2-7 қазан аралығында «Ali Groupx» білім және мәдениет, медиа компаниясының ұйымдастырумен  «Bilim» ЖШС бастамасымен    «International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесіне А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББ мектептің 10-сынып оқушылары жіберілді. Оқушылар мамандыққа байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Өте жоғары деңгейде өтті.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.
02
қазан
2023
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша
02.10.2023 ж күні мектебімізде Алматы қаласы Дін  істері  жөніндегі басқармасының маманы (теолог) С. Адрахманов "Діни қызмет және діни  бірлестіктер туралы" Заңының 3,5 баптарына сәйкес білім алушыларға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.  Мұндағы мақсат жастар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу және оқушылар арасында профилактикалық жұмысын жүргізу.
"Қарттар күнін" ұлықтау
29
қыркүйек
2023
"Қарттар күнін" ұлықтау
Мектебіміздің білім алушылары "Қарттар күнін" ұлықтау  және оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында қарт ата-әжелерімізге оқушылырымызбен бірге құрмет көрсетіліп, жылы сөздер айтылды. Қарттарымыз аман, сау жүрсін. #управлениеобразованияалматы #монрк_отделобразования @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
"Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы
29
қыркүйек
2023
"Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы
Мектебіміздің 7 сынып оқушылары арасында "Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мектепішілік өткен эссе байқауының жеңімпазы ауданға жіберілді. #управлениеобразованияалматы #монрк_отделобразования @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
"Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаты өтті.
26
қыркүйек
2023
"Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында
26.09.2023 ж. "Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты:  оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Оқушылардың адамгершілік, елжандылық, құқықтық сауаттылықтарын дамыту. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Ой-өрісін, дүниетанымын дамыту; еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептің 3- сыныптары арасында “ Тіл- татулық тірегі” атты сайыс өтті.
25
қыркүйек
2023
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептің 3- сыныптары
Мақсаты: Оқушылардың оқу мәнерін,сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптастыру.Мақал – мәтелдер айтқыза отырып, танымдылық қабілетін  шыңдау, сөздік қорымызды молайту.
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектепте 4- сыныптар арасында “ Мемлекеттік тіл- менің тілім” атты сайыс өтті.
25
қыркүйек
2023
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектепте 4- сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін дұрыс меңгеру, дауысты өлеңнің мазмұнына сай баяу, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білуге машықтандыру . Балалардың дүниетанымын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
"Еңбек-бәрін де жеңбек" тақырыбында шығарма байқауы
19
қыркүйек
2023
"Еңбек-бәрін де жеңбек" тақырыбында шығарма байқауы
Еңбек күніне орай 6 "Ж" сынып оқушылары арасында "Еңбек-бәрін де жеңбек" тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды.  Мақсаты: Еңбек туралы түсініктерін молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
"Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауының жеңімпаздары!
15
қыркүйек
2023
"Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауының жеңімпаздары!
"Тарихың-тамырың" демекші, өткен ұрпақтардың рухани мұрасын игеру, тарихи сананы қалпына келтіру, елдің гүлденуі мен қоғамдық сананың жаңғыруына негіз болады. Қала күні мерекесіне орай,  жастардың Алматы қаласына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, "Алматы қалалық музейлер бірлестігінің" ұйымдастыруымен өткен "Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауға қаланың жалпы білім беру мектептерінің, лицей және гимназиялардың жоғары
«Сергіту сәті» челленджі
08
қыркүйек
2023
«Сергіту сәті» челленджі
08.09.2023 жылы А.Қарқсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақты спорт саласына тәрбиелеу мақсатында «Сергіту сәті» челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің міндеттері: ✓физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету; ✓оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету; ✓ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін