01
мамыр
2026
Мектеп асханасында бракеражды комиссия.
Бүгін мектеп асханасында бракеражды комиссия тарапынан кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеттері, температуралық режимнің сақталуы, азық-түліктердің сақтау шарттары және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы қарастырылды.
Ас блогының тазалығы қанағаттанарлық деңгейде, қызметкерлердің жеке гигиенасы талапқа сай. Тағамдардың сыртқы көрінісі, иісі және дәмі белгіленген стандарттарға сәйкес келеді. Тағамдар бекітілген мәзір бойынша дайындалған, порция мөлшері нормаға сай.
Тексеру нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жоқ. Асхана жұмысы санитарлық талаптарға сәйкес деп бағаланды.https://www.instagram.com/reel/DXw3wMOqkA3/?utm_source=ig_web_copy_link