Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы!
24
сәуір
2026

Ата-аналар жиналысы!

 №41 ЖББМ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Бұл маңызды жиында әр сынып жетекші өз сыныбының ата-аналарымен жүздесіп, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, тәртібі, қауіпсіздігі және тәрбиесі кеңінен сөз болды. Мұғалімдер ата-аналарға баланың мектептегі жетістіктері мен даму бағыттары туралы толық ақпарат беріп, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Мектеп, ата-ана және мұғалім – бала тәрбиесіндегі ажырамас үштік. Осы үш тараптың тығыз байланысы мен бірлескен еңбегі ғана шәкірттің жарқын болашағына жол ашады. Бүгінгі жиналыс – осы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бірлесе жұмыс жасап, ұрпақ болашағына бірге үлес қосайық!


Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722