Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды арбау тәсілдері»
04
мамыр
2026

«Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды арбау тәсілдері»

№41 ЖББ мектебімізде маңызды әрі өзекті тақырыпта кездесу өтті. Алматы қаласының дін істері басқармасының өкілі, лектор, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, магистр, дінтанушы - Ерімбет Рамзан Еділбекұлы келіп 7,8,9,10 сынып оқушыларына «Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды арбау тәсілдері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіптер, күмәнді діни ағымдардың белгілері, олардың адамдарды қалай тартатыны туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты саралай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақты сақтыққа, дұрыс таңдау жасауға және рухани тұрғыдан сауатты болуға тәрбиелейді.

 
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722