04
маусым
2026
«Зерделі болашақ» тілдік оқыту лагерінің ұйымдастыруымен «Emotion / Body Language» тақырыбында сабақ пен тренинг өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын молайтып қана қоймай, олардың эмоционалды интеллекті мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту болды.
🎯 Сабақ пен тренингтен күтілетін нәтижелер:
📌 Тілдік дағды (Language Skills):Оқушылар эмоцияларға қатысты 15-тен астам жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп, оларды күнделікті қарым-қатынаста және диалог барысында қолдану жолдарын үйренді.
📌 Эмоционалды интеллект (EQ):Балалар өз сезімдерін танып-білуге, оларды дұрыс жеткізуге және өзге адамдардың көңіл күйін түсінуге дағдыланды. Сабақ барысында эмпатияны дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалып, лагерьде достық әрі қолайлы орта қалыптасты.
📌 Әлеуметтік дағдылар (Social Skills):Тренинг барысында оқушылар топпен жұмыс істеу, бір-бірін мұқият тыңдау, өз ойын еркін жеткізу және өзгенің пікіріне құрметпен қарау дағдыларын жетілдірді.
Осындай танымдық сабақтар арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігі артып қана қоймай, тұлғалық дамуына қажетті маңызды өмірлік дағдылары да қалыптасуда. 🌟