Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Дара және күрделі сан есімдер” тақырыбында ашық сабақ
22
сәуір
2022

“Дара және күрделі сан есімдер” тақырыбында ашық сабақ

22.04.2022 жылы А.Қарсақбаев атындағы  №41 жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз” атты жас мамандар апталығының аясында жас маман Абилкожаева Аружан  4 ”Д” сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен “Дара және күрделі сан есімдер” тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Мақсаты:Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту. Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Мұғалім сабақты "Шаттық шеңбері" арқылы психологиялық ахуал қалыптастырумен бастады. Оқушыларға топтық тапсырмалар орындатып, кітаппен, дәптермен, тақтамен жұмыстарды жасатты. Сабақ барысында  "Кім тапқыр" ойыны ойнатылды.  "Сәттілік шеңбері" , “Лотерея”, “Жаңылмай айтайық” әдістерін, “Есте сақтау” диктантын тиімді қолданды.