Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы
16
қыркүйек
2022

Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы

Алматы қаласы Алатау ауданы «А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББМ»КММ де  мектепішілік «Үздік педагог» байқауы өтті.                                                         
Байқаудың мақсаты –  мұғалімдердің  шығармашылық мүмкіндіктерін аша отырып, педагог мамандығының мәртебесін көтеру және кәсіби қызметінде жоғарғы жетістіктерге ынталандыру. 
Мектепішілік «Үздік педагог» байқауына қатысқан педагогтар тарих пәні мұғалімі Кожабекова Марфуга Алкамжановна, музыка пәні мұғалімі  Исамбаева Жанаркуль Джилкибаевна, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Курманова Кульчат Сейлахановна 
        Байқау барысында ұстаздың сабақта өзіндік шеберлігі мен жаңа технологияны қолдана білуі, оқушылармен қарым-қатынас жасауы мен топтық жұмысты ұйымдастыра алуы, авторлық бағдарламасының болуына да ерекше назар аударылды. Байқауда ережеге сай берілген барлық кезеңнің талаптарын орындап, педагогикалық шеберлігін жан-жақты таныта білген музыка пәні мұғалімі  Исамбаева Жанаркуль Джилкибаевна «Үздік педагог»  байқауының аудандық кезеңіне ұсынылды.