11-қаңтар 2024 жылы ата-аналар жиналысы болып өтті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-қаңтар 2024 жылы ата-аналар жиналысы болып өтті
12
қаңтар
2024

11-қаңтар 2024 жылы ата-аналар жиналысы болып өтті

А.Қарсақбаев атындағы № 41ЖББмектепте 11-қаңтар 2024 жылы ата-аналар жиналысы болып өтті
Тақырыбы: «Бүгінгі таңдау-ертеңгі болашақ»
Күн тәртібінде:
1.    «Ақша жинамау» туралы  бұйрықпен таныстыру. Ағымдағы мәселелер.Мектеп директоры Л.Б.Доланбаева
2.    Ұлттық Бірыңғай тестілеу туралы таныстыру.  ДОІЖО Бақтыбаева Б.Қ3. Бүгінгі таңдау-ертеңгі болашақ  мектеп психологы Есеенова Б.К
1-ші мәселе бойынша мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы сөз алды. 
Ата-аналарды жаңа жылмен құттықтап, балаларына сәттілік тіледі. Ауқымды жиналыс ретінде ұйымдастыруымыз-ортақ жұмысымыздың нәтижелі жұмыстардың басы. Жиын өткізуіміздің өзі үлкен өмірге қадам басар 11-сынып түлектерге жалпы мағлұмат беру мақсатында іс-шараның жүзеге асуы деп білеміз.  11-сынып оқушыларының формасы, сабаққа қатысуы, сабақ кестесі бойынша оқулықтың әкелінуі туралы айтып өтті.Сабақтан тыс уақытта немен айналысатынын, кешкі мезгілде ешқайда шықпауын баса назарда ұстау керектігін ескертті. «Соңғы қоңырау» 25-мамырда өтетіндігі хабарланды. 11-сынып оқушыларының жалпы саны -54 оқушы, оның ұлы-26, қызы-28. Қарасам, теңбе-тең, соңғы қоңырау мерекесінде билеуге болады деп ойлаймын. «Ақша жинамау» туралы бұйрықпен таныстырды. Мерекелік дастархан жаю, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға болмайтынын, салтанатты жиындарға ешқандай ақша жиналмайтынын, мектеп бітіру кешін ұйымдастырмауды қатаң ескертемін. ҰБТ-ға дайындалуды қатаң түрде қолға алуларыңызды сұраймын. Биыл оқу жылында қуанарлық жайт, 3 оқушымыз «Алтын белгіге» үміткер, 1 оқушымыз ерекше аттестат иегері.
2-ші  мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бактыбаева Бакжамал Каламовна сөз алды. Ата-аналарға ҰБТ туралы ақпарат берді.
- 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге  электронды
форматта ҰБТ- ғы тапсырудағы әр қадам:
ҰБТ-ға электронды тіркелген күні, айы, жылын есте сақтау.ҰБТ-ға қатысатын оқушыны ата-анасының қамтамасыз етуі,ҰБТ-ға қатысушы джинсы, шорты, спорттық  киімде баруға болмайды,ҰБТ-ға кіретін уақыттан 1 және 1,5 сағат ерте бару керек.ҰБТ-ты тапсырушы электронды тіркелген уақыттан кешіккен жағдайда, қосымша уақыт берілмейді.ҰБТ-ға қатысушы өзімен әкелген заттарын – нөмірленген  және кілті бар шкафқа салып, кілтін өзімен алып кіреді.
•    ҰБТ-ны тапсыруға өзімен ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ ТҮПНҰСҚАСЫН, ҚАЛАМСАП, ҚАРАНДАШ, СЫЗҒЫШ, ДӘРІ  (қажеттілік туындаған жағдайда),  0,5 БУТЫЛКАДАҒЫ СУДЫ алып кіруге болады.ҰБТ-ты тапсырушы электро сакнерден өтеді.ҰБТ-ты тапсырушының қолына пароль (құпия сөз), код жағылған қағаз беріледі.ҰБТ- тапсырушы электронды сканерде көрсетілген аудитория мен орынға отыру керек.ҰБТ-ты тапсырушы  берілген орынға отырғаннан кейін – жан-жақтағы тапсырушылармен сөйлесуге, ҰБТ- тапсырушының мазасын алуға болмайды.Аудиториядан дәліз кезекшісінің функциясын артқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға болмайды.Аудиториядан 10 минуттан артық шығуға болмайды,құжаттарды және А4 форматтағы парағын аудиториядан шығаруға болмайды. Тестілеу басталар алдында берілген  А4 форматындағы қағаздарды өзімен бірге алып кетуге,
тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге болмайды.
ҰБТ-ты тапсырушы осы Қағидалардың бұзған жағдайда, тестілеу администраторы, бақылаушылармен бірлесіп, нысан бойынша АУДИТОРИЯДА (КОМПЬЮТЕРЛІК СЫНЫПТА) ТЫЙЫМ САЛҒАН ЗАТ ТӘРКІЛЕНУІ ЖӘНЕ ТӘРТІП САҚТАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ТҮСУШІНІ АУДИТОРИЯДАН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ АКТ (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТ) ЖАСАЛАДЫ.    ЖОҒАРЫДАНҒЫ ҰБТ-ға КІРУ, ТЕСТ ТАПСЫРУ, ТЫЙЫМ  САЛЫНҒАН  ЗАТТАРДЫ   АЛЫП ӨТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ, АУДИТОРИЯДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ДҰРЫС ЕМЕС ДЕП ТАНЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ТЕСТТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ (УДАЛЕНИЕ) кетеді.Тестен шығарылған ҰБТ тапсырушының  алдында тапсырған тест қорытындысы (результат) мүлдем жойылып, екінші рет тестке кіру құқығынан айырылады. Қаңтар айына барлығы 53 оқушы тіркелді. Бір оқушы шет елге тапсыратындықтан ҰБТ тапсырмайды.
3-ші мәселе бойынша           Мектеп психологы Б.К.Есенова сөз алды.Оқушылардың ата-аналарымен тренинг жасады.      Жәнеде оқушылардың тестке барар алдында тамақтануы  туралы,егер төмен балл алса баланың көңіл-күйін түсірудің қажеті жоқ екендігін айтып өтті. Пән мұғалімдері математика пәніні мұғалімі Н.Н.Намангенова, химия пәнінің мұғалімі М.А.Жабалиева, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Р.М.Жандарбекова, Д.Б.Шүкірова, тарих пәнінің мұғалімі Қ.Е.Жұмағалиева оқушылардың білім сапасы, тәртібі туралы айтып өтті. Сынып жетекшілер С.С.Көшенова, З.А.Өскенбай, А.Т.Үкібаева жиналысты қорытындылап, оқушыларына сәттілік тіледі. Жиналыстың соңында қорытындылай келе ата-аналар өз ойларын ортаға салды.