Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық платформадағы авторлық бағдарлама: Идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.
19
наурыз
2025

«Цифрлық платформадағы авторлық бағдарлама: Идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.

2025жылдың 19 наурыз күні Алматы қаласы  Алатау ауданы А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектептің  ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Цифрлық платформадағы авторлық бағдарлама: Идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинарда Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері Адамбекова Рита Омаровна мен мектеп директоры Тогабоев Рисбек Сапарбекулы сөз сөйлеп, педагогтарымызға сәттілік тіледі. Семинарға сондай-ақ Алатау ауданы, Жетісу ауданы, Түрксіб ауданы, Наурызбай ауданы мектептерінің пән  мұғалімдері қатысып,  кері байланыстарын берді. Семинар барысында мектебіміздің педагог-зерттеуші мұғалімдері авторлық бағдарламалар туралы тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжанова Айжан Есиркеповна жүргізді. Семинар соңында Алатау ауданы, Жетісу ауданы, Түрксіб ауданы, Наурызбай ауданы қалалық мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдері арасынан бірнеше кері байланысты ауызша және  https://padlet.com платформасы арқылы жазбашада беріп,  семинарға ұсыныстары мен жылы лебіз тілектерін жолдады.