" Тәлімгер мен жас маман үндестігі" тақырыбында семинар-практикумы өтті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Тәлімгер мен жас маман үндестігі" тақырыбында семинар-практикумы өтті.
03
сәуір
2024

" Тәлімгер мен жас маман үндестігі" тақырыбында семинар-практикумы өтті.

А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 02.04.2024 ж.   " Тәлімгер мен жас маман үндестігі" тақырыбында семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты – Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, тәжірибе алмасу. Тәлімгерлік үдерісті дамыту.
    Семинарды мектебіміздің "Балдәурен" ансамбілі "Адай" күйін орындаумен ашып, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй  сыйлады. Семинар барысында   тәлімгер Есенова Б.К және  жас маман Бектеналы Камила "Мұғалім бейнесі" тақырыбында педагогикалық тренинг өткізсе,  қазақ тілі пәнінің мұғалімдері - тәлімгер Жандарбекова Р.М және жас маман Ақбергенова А " М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда поэмасы Кейіпкерге хат." тақырыбында, 
 математика пәнінің мұғалімдері - тәлімгер Намангенова Н.Н. және  жас маман  Ердәулет Н. "Мұғалімнің ақылды көмекшілері " тақырыбында , тәлімгер Джабалиева М.А мен жас маман Жарилкапов Н. "Тәлімгер мен жас маман үндестігі " тақырыбында ықшам сабақтар көрсетті. Олар семинарға қатысқан жас мамандар мен тәлімгерлерге  сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды орындатып, тиімді әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда  бірлесіп ұсынды.  Қатысушы жас мамандар тапсырма орындау барысында белсенділік танытып, аса қызығушылықпен орындады. Семинар-практикумның   жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде берері мол болды. Мектеп мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты. Семинар-практикумның соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжанова А.Е.  тәлімгерлер мен жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі. Семинар-практикумға кері байланысты қатысушылар "SMS" әдісі арқылы берді.