«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне 4«Ә»,4«Б» сынып
Мектеп кітапханашысымен бірлесіп 4-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жауметбай Жазира, Сатыбалдиева Айзаданың жетекшілігімен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне 4«Ә»,4«Б» сынып оқушылары сахналық қойылым көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу және ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, ой өрістерін дамыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке адал достыққа тәрбиелеу.