Біз туралы » Страница 14 » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ертегілер әлемінен сыр шертейік» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде ертегілер оқу
22
қыркүйек
2022
«Ертегілер әлемінен сыр шертейік» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  А.Қарсақбаев атындағы №41 мектеп кітапханасында «Ертегілер әлемінен сыр шертейік» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде ертегілер оқу  ұйымдастырылды. Балаларға халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны ол – ертегі. Бүлдіршіндерді жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіретін, тәрбиелі болып өсуіне сәби кезінен септігін тигізетін ертегінің кімнің де болсын өмірінде алар орны ерекше.
Ата-аналар жиналысы
21
қыркүйек
2022
Ата-аналар жиналысы
Мектебімізде 21.09.-23.09.2022 ж күндер аралығында ата-аналар жиналысы өткізілу жоспарланды. Жоспар бойынша ата-аналар жиналысы өткізілуде.  Күн тәртібінде қойылған мәселелер: 1.Жаңа оқу жылының басталуы; 2.Мектеп формасы; мектеп ішкі ережесі (бұйрықтармен таныстыру) 3. Ақша жинауға жол бермеу; 4. Бос уақыттарын дұрыс пайдалану ( спорт, үйірмелерге т.б қатыстыру) 5. Жолда жүру ережелеріне толық түсінік беру;
Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы
16
қыркүйек
2022
Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы
Алматы қаласы Алатау ауданы «А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББМ»КММ де  мектепішілік «Үздік педагог» байқауы өтті.                                                          Байқаудың мақсаты –  мұғалімдердің  шығармашылық мүмкіндіктерін аша отырып, педагог мамандығының мәртебесін көтеру және кәсіби қызметінде жоғарғы жетістіктерге ынталандыру.  Мектепішілік «Үздік педагог» байқауына қатысқан педагогтар тарих пәні мұғалімі Кожабекова Марфуга Алкамжановна, музыка пәні мұғалімі  Исамбаева Жанаркуль
Ахмет  Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі
16
қыркүйек
2022
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы
Мектеп  кітапханасында  Ахмет  Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне: өмірбаяндық анықтамалар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер,энциклапедиялар,мерзімді басылымдарға жарияланған материалдар қойылды.  Көрменің  мақсаты: Ахмет  Байтұрсынұлының еңбектерін жан-жақты насихаттау,оқушыларды ұлы қайраткердің әдеби мұраларымен таныстыру.
«Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі
26
шілде
2022
«Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі
А.Қарқсақбаев атындағы №41 ЖББ  мектеп кітапханасы  «Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» атты   іс-шара аясында  балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Оқырман назарына танымал балаларға арналған авторларының шығармалары ұсынылды. Балалар бос уақытын тиімді пайдаланып  ең үздік шығармаларымен таныса алады.
«Ертегілер  еліне саяхат» атты жазғы демалыста кітап оқуды насихаттау мақсатында кішкентай оқырмандарға арналған  виртуалды кітап көрмесі
20
шілде
2022
«Ертегілер еліне саяхат» атты жазғы демалыста кітап оқуды насихаттау
А.Қарқсақбаев атындағы №41 ЖББ  мектеп кітапханасы  «Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» атты   іс-шара аясында  «Ертегілер  еліне саяхат» атты жазғы демалыста кітап оқуды насихаттау мақсатында кішкентай оқырмандарға арналған  виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.  Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
"Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста" іс-шарасы аясында 3-6 сыныптар арасында "Ертегілер әлеміне саяхат"
13
маусым
2022
"Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста" іс-шарасы аясында 3-6 сыныптар
"Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста" іс-шарасы аясында 3-6 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Байкожаева Тлеулес және химия пәні мұғалімі Джабалиева Манат бастауымен  "Ертегілер әлеміне саяхат" тақырыбында оқушылар "Анасын сағынған бала", "Жекпе-жек", "Асан қайғының Жерұйықты іздеуі" атты әңгімелер мен ертегілерін баяндап, бір-біріне ұсынды.
«Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» іс-шарасы аясында «Әдебиеттер әлемі» атты тақыпта кітап алмасу
10
маусым
2022
«Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» іс-шарасы аясында «Әдебиеттер
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ мектепте «Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» атты  іс-шарасы аясында 10.06.2022ж күні мектеп кітапханашысы Кабдулкаримова Алмагуль мен 8"Ғ" сынып жетекшісі Макашева Баянның бастауымен  жазғы мектеп кезінде «Әдебиеттер әлемі» атты тақыпта оқушылар өзара оқыған әдеби кітаптарымен алмасты.