Кәсіптік бағдар беру жұмысы. Болашаққа бағыт: жаңа заман талабына сай
Кәсіптік бағдар беру аясында танымдық кездесу өтті. Кездесуге Eco Network ұйымының басшысы Евгений Мухамеджанов және өзгеде кәсіпкерлер қатысып, экологияға бағытталған жұмыстары туралы айтып берді. 🌱 Олар пластик бөтелкелер мен қақпақтарды қайта өңдеу арқылы жаңа бұйымдар жасайтынын көрсетіп, арнайы аппараттардың жұмысымен таныстырды. ♻️ Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу және заманауи кәсіп түрлерін таныстыру. 🌍 Сынып жетекшісі: Жасұзақ Әтіргүл Өмірбекқызы