Ата-аналар жиналысы!
№41 ЖББМ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Бұл маңызды жиында әр сынып жетекші өз сыныбының ата-аналарымен жүздесіп, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, тәртібі, қауіпсіздігі және тәрбиесі кеңінен сөз болды. Мұғалімдер ата-аналарға баланың мектептегі жетістіктері мен даму бағыттары туралы толық ақпарат беріп, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар