№41 ЖББ мектебінде кезекті сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға аптаның дәйексөзі ретінде: «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман» нақылы түсіндіріліп, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы кеңінен насихатталды. Оқушылар татулықтың, сыйластықтың және ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, түрлі жағдайларда сақтық шараларын сақтау жолдары түсіндірілді. «Көмек» жобасы аясында оқушыларға мейірімділік, жанашырлық және өзгеге қолдау көрсету құндылықтары дәріптелді.