Тыл ардагерлерімен кездесу.
9 «Ә» сынып оқушылары тыл ардагері Оспанова Тыныштық апамен кездесіп, тағылымы мол жүздесуден әсер алып қайтты. Кездесу барысында апамыз өз өмір жолынан сыр шертіп, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Оқушылар үлкен ықыласпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жылы әңгіме өрбіді. Кездесу соңында оқушылар Тыныштық апаның батасын алып, рухани күш пен тәрбиелік мәні зор тағылымға кенелді. Осындай кездесулер жас ұрпақтың елге, тарихқа деген құрметін арттыратыны сөзсіз. Сынып жетекшісі: