“ Чернобыль апаты” туралы бейнеролик » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ Чернобыль апаты” туралы бейнеролик
23
сәуір
2021

“ Чернобыль апаты” туралы бейнеролик

А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 23.04.2021 ж күні 7-8 сынып оқушыларына  Чернобыль апаты” туралы бейнеролик көрсетіліп, қайғылы қасірет туралы оқушыларға көптеген ақпараттар берілді. Осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың сәуір айының 26-ы күні Украинадағы Чернобыль атом электр станциясы жарылған болатын. Чернобыль апатының салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластану кеңірек жайылып, халық өміріне зор қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған аумақ залалсыздандырылды. Төтеннен келген апаттың зардабын жоюға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккен. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.