«Ұстаз болу-ұлы міндет" атты тәлімгер ұстаздардың апталығы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаз болу-ұлы міндет" атты тәлімгер ұстаздардың апталығы
13
желтоқсан
2022

«Ұстаз болу-ұлы міндет" атты тәлімгер ұстаздардың апталығы

2022ж. 05 -12 желтоқсан аралығында  А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББ мектепте «Ұстаз болу-ұлы міндет"  атты тәлімгер ұстаздардың  апталығы өтті . 
Апталықтың мақсаты: теориялық және әдістемелік көмек көрсету. Жалпы біліктілік деңгейін көтеру,тәжірибе алмасу.
 Апталық барысында мектептің шебер, зерттеуші  тәлімгер мұғалімдері   семинар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар  өткізе отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Апталықты қорытындылау мақсатында  жас мамандар жетекшісі педагог-зерттеуші Мамедова Райхан Балаяровна «Ұстаз болу-ұлы міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізді.
  Мақсаты : Ұстаздың адам өмірінде алатын орны және міндеті зор екендігін түсінуге жағдай жасау.
  Мұғалім "Суреттер сөйлейді",  «Кинометафора» ,        «Ән терапиясы" , "SMS", ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, СТО, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланды. 
Соңында  3 "Ә" сынып оқушылары " Мың алғыс саған ұстазым" әнін педагогтердің құрметіне тарту етті. Сонымен қатар жас мамандар  апталықта алған әсерлерімен бөлісіп, тәлімгер ұстаздарға алғыс  білдірді. Апталық өз дәрежесінде өтіп, салтанатты түрде жабық деп жарияланды.