«Аталар сөзі –санамызда!» атты дөңгелек үстел. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аталар сөзі –санамызда!» атты дөңгелек үстел.
21
сәуір
2023

«Аталар сөзі –санамызда!» атты дөңгелек үстел.

А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектебінде 21.04.2023 жылы ардагер ұстаздар мен жас маман ұстаздардың ұйымдастыруымен «Аталар сөзі –санамызда!» атты мазмұнды, мағыналы,қажетті ақыл кеңеске толы дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Халқымыздың рухани мұрасын барынша мол қамтып,бабалар айтқан асыл сөзді ұрпаққа аманат ету. Осы парызды өтеу үшін ардагерлер, ата -әжелер және ұлағатты ұстаздар өнегесін жастарға көрсете білу.
Жағымды әдеттер мен мінез – құлықты, жақсы қарым – қатынасты, ынтымақ пен жарасымдылықты, қайырымдылық пен ізгілікті, еңбек сүйгіштік пен үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер т.б. адамгершілік – рухани қасиеттер қалыптастыру.
Дөңгелек үстел  «AMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы Алдамбергенова Жарқын Алдамбергеновна, Алатау ауданының белсенді ақсақалы, зейнеткер ардагер ұстаз Әшірбеков Сағымбек, Самғау ықшамауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуаныш ата, Түркістан ықшамауданының ақсақалдар кеңесінің төрайымы Тұрахан апа, ауданның белсенді ардагер ұстаздары Тұрахан, Рахима, Нұрбибі, Бақжамал, Ұлшат, Бақыткүл, Қалипа, Тамара, Гүлбану, Гүлайым, Қаламқас апайлардың қатысуымен өтті.