🚨 Сейсможаттығу өткізілді
Жазғы лагерь жоспарына сәйкес №41 жалпы білім беретін мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру мақсатында сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен лагерь жетекшілері жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін қайталап, эвакуациялау тәртібі бойынша практикалық әрекеттер жасады. Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін нығайту.