💧🚰 Судың әр тамшысы – үлкен еңбектің жемісі!
Бүгін лагерь оқушылары Samal су зауытына арнайы экскурсия жасап, ауыз судың өндіріс жолымен танысты. Оқушылар судың тазартылу кезеңдерін, заманауи қондырғылардың жұмысын көріп, дайын өнімнің қалай қапталып, тұтынушыға жеткізілетінін өз көздерімен тамашалады. Бұл танымдық саяхат балаларға өндіріс әлемін жақынырақ танып, күнделікті тұтынатын судың артында қаншама еңбек пен жауапкершілік жатқанын түсінуге мүмкіндік берді. Осындай пайдалы әрі әсерлі күн балалардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз! ✨