Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
19
мамыр
2026
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
18 мамыр күні мектебіміздің 9–10 сынып оқушыларымен Қазақ ұлттық қыздар университеті өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттегі білім беру бағдарламаларымен таныстыру, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпарат ұсыну. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдау жайлы пайдалы мәліметтермен танысты. Кездесу болашаққа сенімді қадам жасауға үлкен
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
19
мамыр
2026
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында
 Мектебімізде құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция майоры Демеуова Асылзат Курмантаевна және ККБ ЮПБ УПИ инспекторы, полиция лейтенанты Абулайс Досбол Серикбекұлы қатысты. Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік,
№41 ЖББ мектебінде кезекті сынып сағаты өткізілді.
18
мамыр
2026
№41 ЖББ мектебінде кезекті сынып сағаты өткізілді.
 Сынып сағаты барысында оқушыларға аптаның дәйексөзі ретінде: «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман» нақылы түсіндіріліп, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы кеңінен насихатталды. Оқушылар татулықтың, сыйластықтың және ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, түрлі жағдайларда сақтық шараларын сақтау жолдары түсіндірілді. «Көмек» жобасы аясында оқушыларға мейірімділік, жанашырлық және өзгеге қолдау көрсету құндылықтары дәріптелді.
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар
13
мамыр
2026
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспары негізінде 12 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасы құндылықтары туралы ойларын дамыту, анаға деген құрмет пен отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды. Аталған байқауға оқушылар белсенді қатысып, өз шығармаларында отбасының адам
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
11
мамыр
2026
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
Менің әжем❤️ «Үлкенге құрмет — кішіге ізет». 5 «В» сынып оқушысы Ермеков Жанадидің әжесімен өткізген әрбір сәті — нағыз үлгі боларлық көрініс. Жанади тек сабақ оқып қана қоймай, бос уақытында әжесімен шахмат ойнап, зияткерлік сайысқа түскенді жақсы көреді. Әжесінің жылы құшағы мен ақыл-кеңесі ол үшін ең үлкен мотивация. Алтын уақытын жақындарына арнаған Жанадидің бұл бейнеролигінен мейірім мен шынайылықты көруге болады. ✨ Ата-әжелеріміз аман болсын!  
9 Мамыр — Жеңіс күні
11
мамыр
2026
9 Мамыр — Жеңіс күні
 №41 ЖББ мектебімізде 9 Мамыр — Жеңіс күніне орай 3 “А” сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Ұлы Жеңістің маңыздылығы туралы мағлұмат алып, батырлар ерлігіне тағзым етті. Оқушылар патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, тарихи деректермен танысты. Жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру — басты мақсаттардың бірі.Сынып жетекшісі: Джумалиева М. С. ✨  
🏅 ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС 🏅
08
мамыр
2026
🏅 ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС 🏅
№41 ЖББ мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ұлы Жеңіс күніне орай 4-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында қызықты әрі тартысты спорттық жарыс ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушылар ұйымшылдықтарын, ептіліктері мен белсенділіктерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады. ✨ 🏆 Жарыс қорытындысы бойынша: 🥇 І орын — “Қос қыран” тобы, 4 “Ә”
«Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
06
мамыр
2026
«Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су
 Бүгін №41 ЖББ мектебімізде Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында 5,6 сынып оқушыларына «Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше
“Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сынып сағатын өткізді 📚
05
мамыр
2026
“Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті
Бүгін мектебіміздің “Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сынып сағатын өткізді 📚⚖️ Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс ажырата білуді үйрету, сондай-ақ заң талаптарын құрметтеудің маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен үлес
“Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат .
05
мамыр
2026
“Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат .
Кітапханамызда “Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел қорғау жолындағы азаматтардың ерлігін дәріптеу және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру болды. 🖇️Іс-шараға Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы және
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722