Жас мамандарына арналған мектепішілік «Педагогикалық дебют – 2023» байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандарына арналған мектепішілік «Педагогикалық дебют – 2023» байқауы
04
сәуір
2023

Жас мамандарына арналған мектепішілік «Педагогикалық дебют – 2023» байқауы

31 наурыз күні А.Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін  мектебінде  жас мамандарына арналған мектепішілік «Педагогикалық дебют – 2023» байқауы болды.
Мақсаты: жас  мамандарды кәсіби өсу мен шығармашылыққа, өзіндік дамуға ынталандыру,  талантты және жас педагогтерді анықтау. 
Байқауға 6 жас маман қатысты. Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.

1 кезең- "Менің мамандығым- мұғалім" тақырыбында презентация қорғау.   
2 кезең - "Ықшам сабақ" - Бейнесабақ.
3 кезең- "Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы" тақырыбында эссе жазу.
4 кезең —"Тәрбиесіз алынған білім-адамзаттың қас жауы " /ашық тәрбие сағаты/.   

Әр кезеңде жас мамандар өздерінің шығармашылығын көрсетіп, бағалау критерийлер жүргізілді.  Байқаудың  әрбір кезеңінің жеңімпаздарын арнайы құрылған әділ қазылар мүшелерінің қорытындысы бойынша  жинаған балымен айқындады. Байқау жалғасуда.
Байқауға төрелік еткен мектеп директоры Доланбаева Ләззат Бекбосынқызы және қазылар алқасы мүшелерінің шешімі 04.04.23ж.  жарияланады.