Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2023" атты байқау өз мәресіне жетті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2023" атты байқау өз мәресіне жетті
06
сәуір
2023

Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2023" атты байқау өз мәресіне жетті

Алматы қаласы, Алатау ауданы "А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 31.03 - 04.04.2023ж. аралығында жас  мамандарды кәсіби өсу мен шығармашылыққа, өзіндік дамуға ынталандыру және талантты  жас педагогтерді анықтау мақсатында өткен мектепішілік "Педагогикалық дебют-2023"  атты  байқау өз мәресіне жетті.
Байқауға  жас мамандар арасынан  6 жас маман қатысты.  Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.     

1 кезең- "Менің мамандығым- мұғалім" тақырыбында презентация қорғау. 
2 кезең- "Ықшам сабақ " -  сабақ фрагментін қорғау. 
3 кезең - "Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы" тақырыбында эссе жазу.
" Тәрбиесіз алынған білім - адамзаттың қас жауы" айдарымен өткен 4 кезеңде жас мамандар түрлі тақырыпта  ашық тәрбие сағаттар өтті.  Байқаудың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын арнайы құрылған әділ қазылар мүшелерінің қорытындысы бойынша  жинаған балымен айқындады. Байқаудың жабылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Доланбаева Ләззат Бекбосынқызы жас мамандарды марапаттап, шығармашылық табыс тіледі.    
"Бас жүлдені" ағылшын пәнінің мұғалімі Амантай Абай Әділұлы   иемденіп, аудандық байқауға жолдама алды.  Бірінші орын - мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Сағыналы Мадина жеңіп алса, екінші  орынды - тарих пәнінің мұғалімі Тұрдалы Жандәулет иемденді.    Үшінші орынды -   математика пәні мұғалімі Ердәулет Нурила ие болды,  "Креативті жас маман"  және " Жаңашыл жас" маман номинациясы   физика пәні мұғалімі  Аргинбаева Перизат пен мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Малбаева Назеркеге берілді.
 Бұл күндер – жас мамандарға тәжірибе алмасу, бір-бірінен үйрену кезеңіне айналды. Байқау аяқталса да, шығармашылыққа толы осы күндер әркімнің есінде ұзағынан сақталатыны сөзсіз.