26.03.2024 жылы жас мамандардың қатысуымен "Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау болды. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 26.03.2024 жылы жас мамандардың қатысуымен "Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау болды.
26
наурыз
2024

26.03.2024 жылы жас мамандардың қатысуымен "Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау болды.

Алматы қаласы, Алатау ауданы А. Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ" КММ 26.03.2024 жылы жас мамандардың қатысуымен "Өз жұлдызыңды жақ"  атты байқау болды. 
Мақсаты:  Жас педагогтердің біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін анықтау арқылы, оларды мәдениеттілікке, іскерлікке өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу. Шығармашылығын дамытуға ықпал ету.
Байқауға мектебімізден жас мамандар арасынан   Ақбергенова Айнұр — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Жауметбай Жазира — бастауыш сынып мұғалімі; Ердәулет Нурила — математика пәні мұғалімі;  Қасым Айдана— информатика пәні мұғалімі;  Сағыналы Мадина — мектепалды даярлық тобының  жетекшісі;  Малбаева Назерке— бастауыш сынып  мұғалімі қатысты.
Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.
1 кезең- "Мамандықтағы алғашқы қадамым" тақырыбында эссе.
2 кезең - "Менің педагогикикалық тұжырымдамам".     
3 кезең —" Менің алғашқы сабағым ". 
4 кезең —"Менің тәрбие сағатым".   Әр кезеңде жас мамандар өздерінің шығармашылығын көрсетіп, бағалау критерийлер жүргізілді.  Байқаудың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын арнайы құрылған әділ қазылар мүшелерінің қорытындысы бойынша  жинаған балымен айқындады. "Бас жүлдені" бастауыш сынып  мұғалімі Жауметбай Жазира  иеленді. Бірінші орын – Сағыналы Мадина,  Екінші орын – Ердәулет Нурила,  Үшінші орын-  информатика пәні мұғалімі Касым Айдана, "Шығармашыл ұстаз"  номинациясын Ақбергенова Айнұр,     " Жаңашыл ұстаз" номинациясын  Малбаева Назерке иемденді. Мектебімізден аудандық байқауға бас жүлде иеленген бастауыш сынып мұғалімі Жауметбай Жазира жолдама алды. Әріптесімізге сәттілік! Алдағы уақытта ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!