Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ғылымға қызығушылық – тәжірибеден басталады!
11
маусым
2026
Ғылымға қызығушылық – тәжірибеден басталады!
Бүгін жазғы лагерь тәрбиеленушілері қызықты ғылыми тәжірибе жасап, өз қолдарымен вулканның макетін дайындады. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, вулканның қалай пайда болатыны мен атқылау процесі туралы жаңа мәліметтер алды. Тәжірибе барысында балалар зерттеушілік дағдыларын дамытып, ғылым әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай танымдық жұмыстар арқылы оқушылар білім алып қана қоймай, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізуде. ✨ Балалардың қызығушылығы мен ізденісі
🏆🥇 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
11
маусым
2026
🏆🥇 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
🏆🥇 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Аудандық лагерьлер арасында ұйымдастырылған эстафеталық жарыста №41 жалпы білім беретін мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды! 🎉 Жарыс барысында оқушылар ептіліктерін, шапшаңдықтарын және командалық бірліктерін танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! 👏 Жетекшісі – Жақсыбеков Ержан Нұржанұлы 💪🏻 🏅 Жеңіс жолы жалғаса берсін!  
🪴 Шығармашылыққа толы күн!
10
маусым
2026
🪴 Шығармашылыққа толы күн!
Жазғы лагерь оқушылары бүгін өз қолдарымен әдемі құмыралар жасап, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Балалар түрлі түстер мен ерекше безендіру тәсілдерін пайдаланып, әрқайсысы өз қиялындағы ерекше туындыны дүниеге әкелді. Мұндай жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып қана қоймай, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және шығармашылық ойлауға баулиды. ✨ Әр құмыра — баланың қиялы мен еңбегінің жемісі!
Жазғы лагерь аясында ағылшын сабағынан үзінді ✨
10
маусым
2026
Жазғы лагерь аясында ағылшын сабағынан үзінді ✨
Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты ойындар мен түрлі тапсырмалар өткізілді. 📚💚 Балалар сабаққа ерекше белсенділікпен қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде жұмыс жасады. 🎉  
Мектеп ашылуы
10
маусым
2026
Мектеп ашылуы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданында жаңа білім ордасы ашылды. Жобалық қуаттылығы 1200 орынға арналған №41 жалпы білім беретін мектеп – заманауи талаптарға сай салынған жаңа оқу орны. 2026 жылдың 10 сәуірінде ресми ашылған мектепте бүгінде 1290 оқушы білім алуда.Бүгін мектептің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Аралбаев Сәкен Жаббарұлы арнайы қатысып, өз лебізін білдірді.Мектеп толық заманауи жабдықталған: пәндік кабинеттер, зертханалар, компьютерлік сыныптар,
Танымға толы күн! 🦖🏛️
09
маусым
2026
Танымға толы күн! 🦖🏛️
Бүгін лагерь тәрбиеленушілері музейге экскурсия жасап, ерекше әсерге бөленді. Балалар динозаврлардың макеттері мен ежелгі дәуірлерден қалған қазба байлықтарды тамашалап, тарих пен табиғаттың таңғажайып әлеміне саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар өткен ғасырлардағы тіршілік туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысып, көне жәдігерлердің құндылығын түсінді. Мұндай танымдық шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ғылым мен тарихқа деген қызығушылығын арттырады.  
Эко-лагерь: 5-ші күн — Ғажайыптарға толы саяхат! ☀️🎒
05
маусым
2026
Эко-лагерь: 5-ші күн — Ғажайыптарға толы саяхат! ☀️🎒
Эко-лагерь: 5-ші күн — Ғажайыптарға толы саяхат! ☀️🎒 Уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай да қалдық! Бүгін біздің эко-лагерьдің бесінші күні ерекше әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толды. Себебі, біз бүгін қаламыздың ең жасыл, ең әдемі мекені — Бас ботаникалық баққа саяхаттап бардық! 🌳✨ Мұндағы таза ауа көкірегімізді ашып, бәрімізге керемет серпіліс пен ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалардың жүзінен күлкі, көздерінен бақыт ұшқыны таймады! 😍 Бүгінгі күннің қызықтары: 👣 Танымдық серуен: Арнайы гид
Лагерь оқушыларының шығармашылық жұмыстары🎨🖌️🖼️
05
маусым
2026
Лагерь оқушыларының шығармашылық жұмыстары🎨🖌️🖼️
Лагерь оқушыларының шығармашылық жұмыстары🎨🖌️🖼️
«Зерделі болашақ» тілдік оқыту лагерінің ұйымдастыруымен «Emotion / Body Language» тақырыбында сабақ пен тренинг өткізілді.
04
маусым
2026
«Зерделі болашақ» тілдік оқыту лагерінің ұйымдастыруымен «Emotion /
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын молайтып қана қоймай, олардың эмоционалды интеллекті мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту болды. 🎯 Сабақ пен тренингтен күтілетін нәтижелер: 📌 Тілдік дағды (Language Skills):Оқушылар эмоцияларға қатысты 15-тен астам жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп, оларды күнделікті қарым-қатынаста және диалог барысында қолдану жолдарын үйренді. 📌 Эмоционалды интеллект (EQ):Балалар өз сезімдерін танып-білуге, оларды дұрыс жеткізуге
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
04
маусым
2026
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы! 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абдулла Қарсақбай атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен патриоттық іс-шара ұйымдастырылып, Мемлекеттік Әнұран салтанатты түрде орындалды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіз еліміздің
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722