Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
✨ «Бақыт мекені» лагеріндегі әр күн – жарқын әсерлерге, пайдалы білімге және көтеріңкі көңіл күйге толы! ✨
04
маусым
2026
✨ «Бақыт мекені» лагеріндегі әр күн – жарқын әсерлерге, пайдалы
Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Бақыт мекені» жазғы сауықтыру лагерінде тағы бір мазмұнды күн өтті! 🌞 Бүгінгі күнімізді сергітетін таңғы жаттығудан бастадық. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай лагерь тәрбиеленушілерімен челлендж-видео түсіріп, мерекелік көңіл күй сыйладық. Сондай-ақ, балалармен Рәміздер күніне арналған сынып сағаттары өткізіліп, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен қадір-қасиеті туралы әңгімелер жүргізілді.
«Бақыт мекені» жазғы лагерьіндегі қызықты күн
03
маусым
2026
«Бақыт мекені» жазғы лагерьіндегі қызықты күн
Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің «Бақыт мекені» жазғы лагерьінде бүгінгі күн көтеріңкі көңіл күймен басталды. Балалар таңғы жаттығу жасап, сергектік пен жақсы көңіл күй алды. Күннің басты оқиғасы – «My Kids» ойын-сауық орталығына саяхат болды. Балалар автобуспен барып-қайтып, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, көңілді сапар жасады. Ойын орталығында лагерь қатысушылары түрлі ойындарға қатысып, қызықты уақыт өткізді, өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып,
«Елтаңба, Ту, Әнұран – ел бірлігінің белгісі»
03
маусым
2026
«Елтаңба, Ту, Әнұран – ел бірлігінің белгісі»
Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің «Бақыт мекені» жазғы лагерьінде «Елтаңба, Ту, Әнұран – ел бірлігінің белгісі» тақырыбында танымдық-тәрбиелік сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәнін тереңірек танып, олардың тәуелсіздігіміздің, елдігіміз бен бірлігіміздің символы екенін түсінді. Қызықты тапсырмалар мен танымдық жұмыстар арқылы оқушылар өз білімдерін толықтырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтты. Жас
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
03
маусым
2026
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2026–2027 оқу жылына арналған Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті Ұлттық білім беру платформасы OQU (oqu.edu.kz), электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде тікелей білім беру ұйымына тапсыруға болады. 2026–2027 оқу жылында Алматы қаласы бойынша 215 мемлекеттік мектеп 1-сыныпқа қабылдау жүргізеді. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі
«Бақыт мекені» жазғы лагерьінің жарқын күні
03
маусым
2026
«Бақыт мекені» жазғы лагерьінің жарқын күні
Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің «Бақыт мекені» жазғы лагерьінде балалар үшін қызықты әрі әсерлі күн өтті. Лагерь тәрбиеленушілері мектеп жанындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барып, ерекше әсерге толы қуыршақ театрын тамашалады. Қызықты қойылым балалардың көңілінен шығып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Театрдан кейін балалар тәтті балмұздақтан дәм татып, жазғы күннің қызығын сезінді. Күннің ең көңілді сәттерінің бірі – көптен күткен пеналы
ЭКО-ЛАГЕРЬДЕ ЕКІНШІ КҮН: ТАБИҒАТҚА ЖАҚЫНДЫҚ ПЕН ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ! 🌱
02
маусым
2026
ЭКО-ЛАГЕРЬДЕ ЕКІНШІ КҮН: ТАБИҒАТҚА ЖАҚЫНДЫҚ ПЕН ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ! 🌱
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен біздің сүйікті оқырмандарымыз! Лагерьдің әр күнін балалар үшін ұмытылмас әрі пайдалы өткізуге тырысып жатырмыз. Бүгінгі біздің екінші күніміз «Гүл өсіру күні» деп аталды! 🌸✨ Бүгін біз тек уақыт өткізіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, спорттық рухты ояту және шығармашылықты дамыту бағыттарында өте қызықты жұмыстар атқардық: 🌱 Практикалық гүл отырғызу жұмысы: Балалар өз қолдарымен топырақ басып, гүл егудің қыр-сырын үйренді. Өсімдікке деген
🚨 Сейсможаттығу өткізілді
02
маусым
2026
🚨 Сейсможаттығу өткізілді
Жазғы лагерь жоспарына сәйкес №41 жалпы білім беретін мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру мақсатында сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен лагерь жетекшілері жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін қайталап, эвакуациялау тәртібі бойынша практикалық әрекеттер жасады. Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін нығайту.
Жаздың жарқын сәттері басталды!
01
маусым
2026
Жаздың жарқын сәттері басталды!
№41 жалпы білім беретін мектебімізде көптен күткен жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты әсерге толы өтті. Жазғы лагерь барысында оқушылар түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шараларға қатысып, бос уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізетін болады. Сонымен қатар, балалардың достық қарым-қатынас орнатып, жаңа қабілеттерін дамытуына мүмкіндік жасалады. Біз лагерь қатысушыларына жарқын әсерлерге, қызықты оқиғаларға және ұмытылмас
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31
мамыр
2026
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Осы атаулы күнге орай №41 ЖББМ-де тарих пәні мұғалімі Сүндетов Нұрдәулет ағай 9-сынып оқушыларымен тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры және олардың ел тарихындағы орны туралы мәліметтермен танысты. Сондай-ақ тарихи әділдіктің маңызы мен өткеннен тағылым алу қажеттілігі жөнінде әңгіме өрбіді. Өткеннің қасіретті беттерін
Мектеп мақтанышы!
29
мамыр
2026
Мектеп мақтанышы!
Арменияда өткен Киокушинкай каратэден халықаралық турнирде 5 «В» сынып оқушылары үлкен жетістікке жетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті! 🏆 🥈 Садыков Искандер — ІІ орын 🥉 Ермеков Жанади — ІІІ орын Искандер мен Жанадиді халықаралық деңгейдегі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Көк туымызды биікте желбіретіп, спортта үлкен шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз. Балаларымызға қолдау көрсеткен ата-аналарына және бапкерлеріне мың алғыс!🌹
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722