Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жалын» триосы «Отан – жүрек төрінде»
12
мамыр
2026
«Жалын» триосы «Отан – жүрек төрінде»
 №41 ЖББ мектебіміздің «Жалын» триосы «Отан – жүрек төрінде» атты әскери-патриоттық ән байқауының аудандық кезеңінде орта топ құрамында өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді 🥉👏 🎶 «Жалын» триосының мүшелері: ▪️ Сабирханова Сабрина ▪️ Мақажан Мансұр ▪️ Саматұлы Арнат Жетекшісі: Сапархан Динара 🌸 Байқауда өнерлерімен ерекшеленіп, мектеп намысын абыроймен қорғаған оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз! ✨  
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
11
мамыр
2026
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
Менің әжем❤️ «Үлкенге құрмет — кішіге ізет». 5 «В» сынып оқушысы Ермеков Жанадидің әжесімен өткізген әрбір сәті — нағыз үлгі боларлық көрініс. Жанади тек сабақ оқып қана қоймай, бос уақытында әжесімен шахмат ойнап, зияткерлік сайысқа түскенді жақсы көреді. Әжесінің жылы құшағы мен ақыл-кеңесі ол үшін ең үлкен мотивация. Алтын уақытын жақындарына арнаған Жанадидің бұл бейнеролигінен мейірім мен шынайылықты көруге болады. ✨ Ата-әжелеріміз аман болсын!  
9 Мамыр — Жеңіс күні
11
мамыр
2026
9 Мамыр — Жеңіс күні
 №41 ЖББ мектебімізде 9 Мамыр — Жеңіс күніне орай 3 “А” сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Ұлы Жеңістің маңыздылығы туралы мағлұмат алып, батырлар ерлігіне тағзым етті. Оқушылар патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, тарихи деректермен танысты. Жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру — басты мақсаттардың бірі.Сынып жетекшісі: Джумалиева М. С. ✨  
🏅 ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС 🏅
08
мамыр
2026
🏅 ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС 🏅
№41 ЖББ мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ұлы Жеңіс күніне орай 4-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында қызықты әрі тартысты спорттық жарыс ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушылар ұйымшылдықтарын, ептіліктері мен белсенділіктерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады. ✨ 🏆 Жарыс қорытындысы бойынша: 🥇 І орын — “Қос қыран” тобы, 4 “Ә”
«Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында семинар өткізілді.
07
мамыр
2026
«Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында
№41 жалпы білім беретін мектебінде «Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Заманауи білім беру жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді ұлттық тәрбие құндылықтарымен үйлестіре отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және ұлттық сана-сезімі жоғары тұлға қалыптастыруға бағыт беру. Семинардың міндеттері: • Заманауи білім беру әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын
«Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
06
мамыр
2026
«Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су
 Бүгін №41 ЖББ мектебімізде Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында 5,6 сынып оқушыларына «Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше
“Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сынып сағатын өткізді 📚
05
мамыр
2026
“Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті
Бүгін мектебіміздің “Жас заңгерлері” кіші сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сынып сағатын өткізді 📚⚖️ Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс ажырата білуді үйрету, сондай-ақ заң талаптарын құрметтеудің маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен үлес
“Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат .
05
мамыр
2026
“Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат .
Кітапханамызда “Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел қорғау жолындағы азаматтардың ерлігін дәріптеу және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру болды. 🖇️Іс-шараға Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы және
№41 ЖББМ-де директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Исроилова Лаураның ұйымдастыруымен қыздарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
05
мамыр
2026
№41 ЖББМ-де директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Исроилова
№41 ЖББМ-де директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Исроилова Лаураның ұйымдастыруымен қыздарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында қыз балалардың тәрбиесі, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті және қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Түсіндірме жұмысына информатика пәні мұғалімі Орымбаева Зағида апай да қатысып “Қазақ халқындағы қыз тәрбиесі” жайында өзінің білімімен бөлісті. Оқушылар өз ойларын айтып, пайдалы кеңестер алды. Осындай тәрбиелік мәні зор
«Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды арбау тәсілдері»
04
мамыр
2026
«Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды
№41 ЖББ мектебімізде маңызды әрі өзекті тақырыпта кездесу өтті. Алматы қаласының дін істері басқармасының өкілі, лектор, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, магистр, дінтанушы - Ерімбет Рамзан Еділбекұлы келіп 7,8,9,10 сынып оқушыларына «Радикалды діни ұйымдар мен секталардың интернет арқылы азаматтарды арбау тәсілдері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіптер, күмәнді діни ағымдардың белгілері, олардың адамдарды қалай тартатыны туралы
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722